Айгөлек бала бақшасы

Біздің сайтымызға қош келдіңіз!

Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық дамуы жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш буынға — мектепке дейінгі тәрбиеге жаңа талаптар қойып отыр.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «Біздің болашаққа бара жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп атап айтқан.

Мұндай жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мектепке дейінгі жастан басталады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың өзектілігі бір ғана мақсатпен түсіндіріледі: терең ойлы, дені сау, ақылды және мейірімді бала қалыптасатындай білім беру.

Адамды мектепке дейінгі жастан дамыту оның алдағы барлық өмірінің анықтауышы болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

Қарақия ауданы әкімдігінің «Айгөлек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  2005 жылы қаңтар айында «Айгөлек» балабақшасы болып ашылды.

Кәсіпорын Қарақия ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 наурыз №57 Қаулысымен құрылған. Кәсіпорынның құрылтайшысы болып және коммуналдық меншік құқығы субъектісінің кәсіпорынға қатысты функцияларын Қарақия ауданы әкімдігі (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүзеге асырады. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы Қарақия  аудандық білім бөлімі  болып табылады. Кәсіпорын өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен Заңдарына, Қазақстан республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, мәслихат шешімдері мен аудан әкімдігінің қаулыларына және басқа нормативтік құқықтық актілерге, сонымен бірге осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

 

Кәсіпорынның атауы:
Мемлекеттік тілде: Қарақия ауданы әкімдігінің «Айгөлек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Орыс тілінде: Государственное коммунальное казенное предприятие Детский сад «Айголек» акимата Каракиянского района.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 130300 Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы,   1 шағын аудан, 24 ғимарат

 

Жұмыс уақыты: 5 күндік. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Жұмыс кестесі: 08:00-ден 17:00-ге дейін.
Байланыс телефондары, факс: 8(72937) 2-19-60; 2-19-44
Электронды мекен-жайы: ds_aygolek_karakia@mail.ru

 

МКҚК «Айгөлек» балабақшасының 2018-2019 оқу жылындағы тәрбиеленушілер санының құрылымы

Тобы Топтың аты Бала саны
І — кіші топ
Балапан
25
ІІ- кіші топ
Жұлдыздар
25
Ортаңғы топ
Гүлдер
25
Барлық топтың саны: 75