Бала өмір шуағы

Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап келеді.  Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.  1маусым күні МКҚК «Айгөлек» балабақшасында бейнелеу пән мұғалімі Р.Медетова «Бала өмір шуағы» тақырыбында барлық топ балаларының арасында асфальтқа сурет салу сайысы   және ән-саз жетекшісі Г.Нурканова  ертегілер елінен шақырылған қонақтармен музыкалық іс-шаралар өткізілді. Бұл шараның мақсаты балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау болып табылды.