Мектеп жасына дейінгі балаларды өлкетану арқылы рухани патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығы

2018 жыл 30 мамыр күні МКҚК «Айгөлек» балабақшасында Қарақия аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектеп жасына дейінгі балаларды өлкетану арқылы рухани патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығы» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинарға аудандық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының өкілдері мен аудан бойынша барлық балабақшалардан 16 педагог қатысты. Семинар барысында практика бөлімінде жаңа технологияларды пайдаланып ұйымдастырылған оқу қызметтері көрсетілді. Ортаңғы топта «Тәй-тәй» технологиясы бойынша «Менің ауылым» тақырыбында төрт орталықта педагогтер Р.Медетова-І санатты тәрбиеші «Өнер», Ш.Абдикеримова-ІІ санатты тәрбиеші «Ғылым», А.Садуақас- орыс тілі пәні мұғалімі «Көркем әдебиет», С.Избасова-ата-ана «Аспаздық» орталықтарында балалармен жұмысын жүргізсе, «Монтессори» жүйесінің қыр сырымен бөліскен І санатты тәрбиеші А.Кулмурзаева 2-5 жас аралығындағы балалармен «Теңізасты патшалығына саяхат» вариативтік компонент бойынша жұмысы көрсетті. Теория бөлімінде тренинг өткізіліп, баяндама тындалды.  Семинар жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік ұстап, алдағы игі мақсаттарды ізгі іспен аяқтап, жаңа 2018-2019 оқу жылына сапалы дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға белсене атсалысайық деп қорытындыланды. Семинар қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың ұсыныстары мен сұрақтары талқыланды.