ТӘРБИЕШІ ЖӘНЕ МЕН

МКҚК «Айгөлек» балабақшасында ҚАРАҚИЯ ауданының 45жылдығына және денсаулық күніне орай «Тәрбиеші және мен» тақырыбында ортаңғы «Гулдер» тобында эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Жарысқа ҚЫРАН және ТҰЛПАР тобы қатысып 6 бөлімнен тұратын сайыста өз бақтарын сынады. Жарыстың соңғы «Кім шапшаң» бөлімінде екі топтың тәрбиешілері өз бақтарын сынады. Әділ қазылардың шешу бойынша жарысқа қатысқан екі топқа да жүлделі орындар берілді. Денешынықтыру нұсқаушысы Абилова Меңтай өткізген бұл эстафеталық жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Жарысымыздың мақсаты бала денсаулығын нығайту. Балаларды шапшаңдыққа, төзімділікке, биіктерге қол жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақалдың түп мағынасына түсінік беру арқылы, ауызбіршілікке тәрбиелеу.