«Қарттарым аман сау жүрші!» ақпарлама

МКҚК «Айгөлек» балабақшасында 1 қазан Халықаралық қарттар күніне арнап Ортаңғы «Гүлдер» тобының тәрбиеленушілірі тәрбиешілері А.Кулмурзаева мен Р.Медетова «Қарттарым аман сау жүрші!» тақырыбында шағын концерт ұйымдастырып, топ бүлдіршіндерінің ата-әжелерін қонаққа шақырды. Бұл концертің мақсаты: Балаларға қарт адамдарды құрметтеуге, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Балалардың бойына халқымыздың асыл қадыр-қасиеттерін сіңіруге, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөздерден ғибрат алуға тәрбиелеу болып табылады. Немереларінің тақпақтарын, әндерін, билерін тамашалаған ата-әжелер балаларға, ұжымға жақсы тілектерін айтып тарасты.

Топ тәрбиешісі А.Кулмурзаева