31 мамыр 2018 оқу жылы МКҚК «Айгөлек» балабақшасында жылдық жоспарға сай ортаңғы «Гүлдер» тобында балабақша басшысы Н.Турганбаева мен ата-аналардың қатысуымен «Қош бол балабақша!» тақырыбында қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікте балалар биден шашу шашып, өлең тақпақтармен ата-аналарын қуантты. Топ тәрбиешілері Р.Медетова мен Ж.Джумагазиева жыл бойына балабақшаның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқандары үшін ата-аналарды марапаттады. Ертеңгілікке келген ата-аналар өз балаларының шығармашылықтарын көріп бір марқайып қалды. Ата-аналар балабақша ұжымына өз алғыстарын білдірді. Ертеңгілік жоғарғы деңгейде өтті.
