Қош келдің арайлы Алтын күз

МКҚК Айгөлек балабақшасында Күз мезгіліне байланысты «Қош келдің арайлы Алтын күз» тақырыбында ортаңғы Гүлдер» тобында және ІІ кіші «Жұлдыздар» тобында ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі мен, жомарттығымен, байлығы мен таныстыру. Жыл мезгілінің құбылыстары туралы білімдерін бекіту. Үлкендердің еңбегін қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Ертеңгілікте келген ата аналар балалардың өнерлерін тамашалап ұжымға өз алғыстарын айтты.

Балабақша директоры Нұрсауле Тұрақбайқызы балабақша өміріне белсене қатысқан ата аналарды АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады.