«Өртпен ойнау қауіпті» акпарлама

МКҚК «Айгөлек» балабақшасында 2018 жылдың қазан айының 02–ші жұлдызында өндірістік-кәсіпорындармен бірлесіп өткізетін іс-шара жоспарына сай ортаңғы «Гүлдер» тобында тәрбиешісі Медетова Роза «Өртпен ойнау қауіпті» тақырыптбында ұйымдастырылған тақырыптық оқу қызметі өтті. Бұл тақырыптың мақсаты:  Балаларға оттың пайдасы мен зияны туралы түсінік беру. Өрт қауіпсіздігін болдырмау, оттан сақтану жолдарын үйрету. Оттың тілсіз жау ені туралы білімдерні бекіту. Ұйымдастырлаған оқу қызметіне Төтенше жағдайлар қызметінің бас маманы Қанжигитова Алтынгул Шаппабайқызын қонаққа шақырдық. Алтынгүл Шаппабайқызы балаларға өрт болған жағдайдан қолданылатын ережелерден түсінік беріп өтті. Ұйымдастырылған тақырыптық оқу қызметі өз мақсатында өтіп, балалар өрт туралы біраз мағлұмат алды.

Топ тәрбиешісі Р.Медетова