8 наурыз

МКҚК «Айгөлек» балабақшасында 2018 жылдың 06-07 наурыз күндері «Аяулы
анашым!!!» атты әжелерге, аналарға, қыздарға арналған ертеңгілік өтті.
Ертеңгіліктің мақсаты: Аналар жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы
әжелер мен аналарды, көктемдей құлпырған ару қыздарымызды мерекемен құттықтау.
Балаларды мейірімділікке, ұстамдылыққа, тәрбиелеу. Үлкенге деген құрмет сыйын
арттыру, ана еңбегңн қадірлей білуге үйрету.
Әр топтың өнерлі балақайлары өз әжелерімен аналарына арнап ән-жыр шашуларын
тарту етті. Аминаның орындауында «Ана-әке» әні, «Қыздар» тобының орындауында
«Қарлығаш» әні, биші қыздарымыз «Гүлдер» биін билеп, кішкентай бүлдіршіндер
Флэшмоб билеп келген қонақтардың көңілін көтерді. . Әсіресе, кіші топтың «Асыл атам,
ақ әжем» әніне қарттарымыз дән риза болды. Балалар өз қолдарынан жасаған
сыйлықтарын аналарына тарту етті.
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп, ертеңгіліктің соңында келген
қонақтарға сөз берілді. Аналарымыз, әжелеріміз балаларға өз ризашылықтарын білдіріп,
өнерлерің өрге жүзсін, аспандарың ашық болсын деп тәрбиешілердің жұмыстарына
толағай табыс тілеп өз ризашылықтарын білдірді.