Галерея

Рухани жаңғыру- Елорданың еңселі белестері

МКҚК «Айгөлек» балабақшасында білім күніне орай «Рухани жаңғыру- Елорданың еңселі белестері» тақырыбында тәрбиеші Айтуған Балықбайқызы ортаңғы «Гүлдер» тобында балабақша басшысы Нұрсауле Тұрақбайқызының қатысуымен ертеңгілік өткізді.


Елін сүйген,елі сүйген елбасы

МКҚК «Айгөлек» балабақшасында «Елін сүйген,елі сүйген елбасы» тақырыбында өткізілген ертеңгілік.


Қош келдің арайлы Алтын күз

МКҚК Айгөлек балабақшасында Күз мезгіліне байланысты «Қош келдің арайлы Алтын күз» тақырыбында ортаңғы Гүлдер» тобында және ІІ кіші «Жұлдыздар» тобында ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі мен, жомарттығымен, байлығы мен таныстыру. Жыл мезгілінің құбылыстары туралы білімдерін бекіту. Үлкендердің еңбегін қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Ертеңгілікте келген ата аналар балалардың өнерлерін тамашалап ұжымға өз алғыстарын айтты. Балабақша директоры Нұрсауле Тұрақбайқызы балабақша өміріне белсене қатысқан ата

Толығырақ


ТӘРБИЕШІ ЖӘНЕ МЕН

МКҚК «Айгөлек» балабақшасында ҚАРАҚИЯ ауданының 45жылдығына және денсаулық күніне орай «Тәрбиеші және мен» тақырыбында ортаңғы «Гулдер» тобында эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Жарысқа ҚЫРАН және ТҰЛПАР тобы қатысып 6 бөлімнен тұратын сайыста өз бақтарын сынады. Жарыстың соңғы «Кім шапшаң» бөлімінде екі топтың тәрбиешілері өз бақтарын сынады. Әділ қазылардың шешу бойынша жарысқа қатысқан екі топқа да жүлделі орындар берілді. Денешынықтыру нұсқаушысы Абилова Меңтай өткізген бұл эстафеталық жарыс

Толығырақ


«Эстафеталық жарыс»

МКҚК «Айгөлек» балабақшасында 4 қазан мұғалімдердің төл мерекесіне орай «Эстафеталық жарыс» ұйымдастырылды. Жарысқа «Болашақ» және «Жұлдыздар» командасы қатысты. Эстафеталық жарыс жоғары деңгейде өтті.


Қазақстан рәміздері ұлтымыздың намысы

МКҚК «Айгөлек»  балабақшасында  04 маусым 2018 жылы жоспар бойынша ортаңғы топта балабақша басшысы Н.Турганбаеваның қатысумен тәрбиеші А.Косбаева атты тақырыбында тақырыптық оқу қызметін өткізді. Бұл оқу қызметтің мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік рәміздерінің мағыналық және көркемдік – эстетикалық болмыс, бітімі барысындағы таным — түсініктерін кеңейту; Баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, ой – өрісін кеңейту, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын жетілдіру; Өз елінің тарихын құрметтеуге, патриоты

Толығырақ


Бала өмір шуағы

Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап келеді.  Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің

Толығырақ


Қош бол балабақша!

31 мамыр 2018 оқу жылы МКҚК «Айгөлек» балабақшасында жылдық жоспарға сай  ортаңғы «Гүлдер» тобында балабақша басшысы Н.Турганбаева мен ата-аналардың қатысуымен «Қош бол балабақша!» тақырыбында қоштасу ертеңгілігі өтті.  Ертеңгілікте балалар биден шашу шашып, өлең тақпақтармен ата-аналарын қуантты. Топ тәрбиешілері Р.Медетова мен Ж.Джумагазиева жыл бойына балабақшаның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқандары үшін ата-аналарды марапаттады. Ертеңгілікке келген ата-аналар өз балаларының шығармашылықтарын көріп бір марқайып қалды. Ата-аналар балабақша ұжымына

Толығырақ


Мектеп жасына дейінгі балаларды өлкетану арқылы рухани патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығы

2018 жыл 30 мамыр күні МКҚК «Айгөлек» балабақшасында Қарақия аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектеп жасына дейінгі балаларды өлкетану арқылы рухани патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығы» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинарға аудандық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының өкілдері мен аудан бойынша барлық балабақшалардан 16 педагог қатысты. Семинар барысында практика бөлімінде жаңа технологияларды пайдаланып ұйымдастырылған оқу қызметтері көрсетілді. Ортаңғы топта «Тәй-тәй» технологиясы бойынша «Менің ауылым» тақырыбында төрт

Толығырақ


Амал келді- жыл келді!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 2018 жылдың 14 наурыз күні МКҚК «Айгөлек» балабақшасында «Амал келді- жыл келді!» тақырыбында балабақша ішілік көрісу рәсімі өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: Балаларға амал мерекесі туралы түсінік берілді. Дастархан жайылып, балалар ұлтық тағамдардан дәм татты. Балалақша басшысы ұжымен бірге топтарға келіп балалармен көрісіп, «Наурыз көжеден» дәм татты. Ұлыстың ұлы күні оң болсын! Ақ мол болсын! Амалдан амалға жете берейік. балабақша әдіскері:

Толығырақ